Пятница, 19 июля 2019 16:26

Бурабайда Жекебатыр тауы өртенді


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Бурабай курортында Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін сағат 13.00-де Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының үстіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенгендігі туралы ақпарат түскен.



«Өртті сөндіруге Ақмола облыстық ТЖД-ның жеке құрамынан 60 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 40 қызметкері мен 2 техникасы, «Қазавиақұтқару» МИ- 26 тікұшағы жұмылдырылды», — деді ведомстводағылар.



Сағат 16:10-да өрт ауыздықталды.

Бастапқы мәлімет бойынша, өрт қураған шөптен шыққан. Зардап шеккендер жоқ, Өрттің шығу себебі салдары анықталып жатыр.









Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/burabayda-zhekebatyr-tauy-ortendi_a3549326”

Другие материалы в этой категории: Упражнения–планки: как сделать красивое тело »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.