Пятница, 22 ноября 2019 13:23

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің төрағасы Ақмола облысында сот жұмысымен танысты

«Соттарға деген сенімділік дәрежесін арттыру және сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасауды болдырмау».

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің төрағасы Ақмола облысында сот жұмысымен танысты

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотына жұмыс сапарымен келді.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қонақтарға соттың жаңа фронт-офисін таныстырып, онда сотқа келушілер үшін жайлы жағдайлар жасалған, азаматтар кеңес ала алатын медиатордың, прокурордың және адвокаттың кабинеті орналасқан, татуластыру рәсімдерін түсіндіру бойынша азаматтармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтіп, бейне және таспаға жазудың электронды жүйесімен жабдықталған сот отырысы залдарымен таныстырды.

Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек фронт-офистің азаматтар үшін жұмыс атқару принципін түсіндіріп, соттың кеңсе жұмысында электронды технологияларды қолдану, атап айтқанда, «Сот кабинеті», «Ақпараттық орталық», «QR-код» және соттардың жұмысын бағалау бойынша азаматтар арасында сауалнама жүргізу туралы айтып өтті.

Алик Шпекбаев сотқа келушілермен әңгімелесіп, соттардың ашықтығы, тұрғындармен кері байланыс орнатылғанын және азаматтар, сондай-ақ адвокаттар мен медиаторлар үшін ыңғайлы жағдай жасалғандығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің төрағасы азаматтарға сотта кедергілер болмауы керек, сот дауларды шешу үшін ыңғайлы жағдайлар мен бейбітшілік атмосферасын құруы қажет екенін атап көрсетті.

А.Шпекбаев судьялар мен сот қызметкерлеріне соттарға деген сенімділік дәрежесін арттыруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауды болдырмауға тілек білдірді.

 

 

Ақмола облыстық сотының

баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.