Вторник, 03 декабря 2019 11:41

«Алматыметроқұрылыс» басшысы неліктен босатылды - Министр жауап берді


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — «Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге кепіл қаражат төлеп, тұтқыннан босап шықты. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://wordpressaction.com

«Сот шешімі болды. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», — деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatymetrokurylys-basshysy-nelikten-bosatyldy-ministr-zhauap-berdi_a3590939”

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.