Понедельник, 16 сентября 2019 01:55

Шамалған станциясында пойыз автобусты соқты

пойыз бен автобус


Министрліктің алдын ала мәліметі бойынша, оқыс оқиға 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да “Екатеринбург-Алматы” тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында болған. Пойыз Алматы-Қостанай бағыты бойынша қозғалған.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі ескертуді елемеген.


Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан, – дейді ол.



Полиция департаментінің мәліметінше, автобус Алматы-Қаскелең бағытында жолаушы тасымалдаған. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.


Автобустың үш жолаушысы зардап шекті. Оның біреуі – әйел, екеуі – бала. Олар ауруханаға жеткізілді, – деді полиция.



Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеумен облыстық полиция департаментінің тергеушілері айналысады.


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Посмотреть эту публикацию в Instagram

Чималганский переезд

Публикация от Алматы | Almaty | Крисп (@almaty_dtp_rezerv)



Источник: “https://baribar.kz/110427/shamalghan-stantsiyasynda-pojyz-avtobusty-soqty/”

Другие материалы в этой категории: Губернатор, который кричал об угрозах »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.