Понедельник, 23 декабря 2019 09:11

Шымкентте 500-ден аса бала инклюзивті біліммен қамтылған


ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында мүмкіндігі шектеулі 500-ден аса бала білім басқармасына қарасты мекемелерде инклюзивті біліммен қамтылған. Сонымен қатар, 997 оқушы арнайы мектеп-интернаттарда және мектептердегі арнайы сыныптарда 442, логопункттерде – 2 686 бала білім алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Об этом сообщает http://chinovnic.info

Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 959 бала үйде оқытылып жатыр. Ал, арнайы балабақшаларда 665 оқушы қамтылған. Жарымжан жасөспірімдердің өз деңгейінде білім алуы үшін мекемелерде арнайы пандустар орналастырылып, ішкі есіктер мен әжетханалар бейімдеуден өткізілген. Бұдан бөлек, қаладағы арнайы білім беретін «Сайрам көмекші мектебіне» 300 орындық қосымша құрылыс салу үшін мемлекеттік сараптама жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Мұндай оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару мен барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.

Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға қолғабыс етеді.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/shymkentte-500-den-asa-bala-inklyuzivti-bilimmen-kamtylgan_a3597214”

Другие материалы в этой категории: СБУ взялось за интернет-издание «Watcher» »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.