Четверг, 28 ноября 2019 21:22

Атырау қаласының маңында жаңа балабақша ашылды


АТЫРАУ. ҚазАқпарат– Атырауда ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Об этом сообщает http://armrinvesting.com

Жаңа мектепке дейінгі мекеме қала сыртындағы Еркінқала ауылында ашылды. Балабақша 290 орынды. Екі қабатты ғимаратқа инженерлік желілер тартылды, онда барлық қажетті заманауи техникалық жабдықтар орнатылған, оның ішінде ас бөлмесі, кір жуу орны және медициналық бөлме бар. Балабақша қолайлы жиһаздармен жабдықталған, акт және спорт залы бар. Балалардың қызығушылықтары бойынша түрлі үйірмелерге қатысу мүмкіндігі де қарастырылған.







Ашылу салтанатына қала әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде қала басшысы жаңа мектепке дейінгі мекемені ашу маңыздылығын атап өтті.

«Еркінқала ауылында бұл балабақшаны ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында аштық. Қаладағы жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қолдауымен мектепке дейінгі мекемелер мен басқа да әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі мәселесі белсенді түрде шешіліп жатқандығы қуантады. Жергілікті тұрғындарды асыға күткен осы мекеменің ашылуымен шын жүректен», — деген құттықтау сөзін арнады Әлимұхаммед Құттымұратұлы тұрғындарға.




Демеушілердің айтуынша, қазіргі таңда әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру «NCOC» консорциум қызметінің ажырамас бөлігіне айналды.

«Айта кетейік «NCOC» пен Атырау әкімдігінің әріптестік қатынасының маңыздылығын атап өту керек. Екі жаңа мектепке дейінгі мекемеАтырау тұрғындарының игілігі үшін жұмыс жасайтын болады», — деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Инфрақұрылым және әлеуметтік тағайындау жобалары департаментінің менеджері Руслан Әубекеров.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/atyrau-kalasynyn-manynda-zhana-balabaksha-ashyldy_a3589821”

Другие материалы в этой категории: Жгут и удаляют зубы: Как украинцы мстят за измены »

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.