Четверг, 07 Декабрь 2017 11:51

СІДІГІМІЗ БІР, ЖАТЫРЫМЫЗ БАСҚА МА?

Загрузка...

Ау, Ағайын!
Менің түсінбей жүргенім, осы біздердің, яғни қарапайым қара халықтың ДВК дегенмен әкеміз бір, анамыз басқа ма, соны кім айтады?
Мен аралас-құралас болып жүрген «Алаш жолы», «Жер тағдыры» және тағы басқа қозғалыстардың басы-қасында жүрген азаматтар биліктің жандайшаптары, яғни ҰҚК-ның жансыздары екен де, ал ДВК-мыз деп жүргендер нағыз оппозиция екен ғой?! Шынында солай ма?!
Атамекен туған жерімізді қорғауға шығып, от алып, ораққа түсіп жүрген ер азаматтар – биліктің қанды көйлек жауы болса, өздерін ДВК-мыз деп жүрген азаматтардың да досы емес, дұшпаны екен, солай ма?
Жаз бойы облыстардағы қазақ ауылдарының жағдайын өз көзімізбен көріп, кең байтақ егістік жерлеріміздің ауылдардан, яғни қазақ ұлтынан тазартылып, қытайға берілейін деп жатқанына көзіміз жеткен соң, дабыл көтерген де ДВК емес, «Алаш жолы», «Жер тағдыры» қозғалысының азаматтары еді ғой!
«Алаш жолының» құрылтайшысы, авторы – Мақсат Ілиясұлы осы фейсбукта Мұқтар Аблязовтың атына арнап «бірігейік» деп хат та жазды, Бірақ, Мұхтар былқ етпеді. Неге? Менсінбеді ме?
Олай болса былай істейік, жаңағы жерін, елін, ұлтын қызғыштай қорғап, пәрмене болып жүрген азаматтар үйлерінде отырып алып «Назарбаевты тақтан түсіреміз! Президенттік басқару жүйесін жойып, парламенттік басқару жүйесін орнатушы едік!» – деп билікке сырттан жұдырық түйіп, шоқпар білесін... Ал, шетелде жүріп ДВК-ны басқарып жүрген өзіміздің қазақтың бас көтерер азаматтары елге қайтып, жауыз биліктен жерімізді, елімізді, ұлтымызды, ділімізді, дәстүрлі дінімізді қорғасын! 
Қазақты қақ жарып қана емес, быт-шытын шығарып, бай мен кедейге, шала қазақ пен таза қазаққа бөліп жауластырып, одан қалды діннің өзін бұзып уахабиттер мен салафиттерді қазақтың дәстүрлі дініне қарсы қойғызып, әлемнің жын-шайтан діндерін қол бұлғап қоймай-қоймай шақырып, қоғамды алапес жағдайға алып келген биліктен ДВН-ның қандай айырмашылығы бар?
Осыны кім айтады? Өзіммен жиі көріп қана қоймай, қол ұстасып жер қорғауға шыққан азаматтарды қорғап едім, маған қарсы ДВК-ның байлаудағы иті Аслан дегенді салып қойып, менің атыма тақпаған жаласы қалмады. Мені биліктің адамы етіп көрсету мына саған, Мұхтар Аблязов бауырым неменеге керек болды?! Осыған жауап берші!

Қуаныш МҰҚТАЙ
ақын, қоғам қайраткері
06.12.17 жыл

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.