Четверг, 16 мая 2019 09:00

Ақмола облыстық сотында атқару жазбасы институтын дамыту мәселелері талқыланды

Ақмола облыстық сотының судьясы Алтын Шойынбекова «Атқару жазбасы институтын дамыту» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді, оған Ақмола облысының аумақтық нотариалдық палатасының өкілдері, банк құрылымдары және коммуналдық ұйымдардың заңгерлері, облыстық соттың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және Көкшетау қалалық сотының төрағалары мен судьялары қатысты.
«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары атқару жазбаларын жасау, орындау тәртібі және атқару жазбасының күшін жою мәселелерін талқылады.
Талқылауда Ақмола облысының аумақтық нотариалдық палатасының төрайымы Гүлжан Көбетаева, Ақмола облыстық сотының судьясы Алтын Шойынбекова, Көкшетау қалалық сотының судьясы Сергей Олексюк баяндамаларымен сөз сөйледі.
Сөз сөйлеушілер меншік құқығын қорғауды күшейту және сот жүктемесін азайту бойынша Заңның жүзеге асырылу барысын, сонымен қатар атқару жазбасының күшін жоюдан бас тарту бойынша нотариустардың іс-әрекеттеріне азаматтық істерді қараудың сот тәжірибесін талқылады.
Талқылаулардың нәтижелерін қорытындылай отырып, нотариустарға тәжірибеде туындайтын берешекті өндіру кезінде күрделі мәселелерді банктер және коммуналдық қызметтердің өкілдерімен бірлесіп, зерделеу ұсынылды.
«Нотариустың атқару жазбасы нотариалдық әрекеттің жаңа түрі ретінде неғұрлым тиімді болып табылады, азаматтар және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған әрекеттердің тәртібін жеңілдетеді, даусыз сипаттағы талаптарың тез арада шешуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар сот жүйесіне жүктемені айтарлықтай азайтады» - деп атап өтті іс-шараның модераторы А.Шойынбекова.


Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.