Вторник, 21 мая 2019 10:39

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілді қылмыстық сот төрелігі саласында қолданудың мәселелсі талқыланды

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қылмыстық істерді қарау кезінде сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың маңыздылығы туралы «дөңгелек үстел» өткізіп, сот ісін жүргізу мен іс жүргізуде тіл туралы заңнаманың нормаларын толыққанды қолдануға кедергі келтіретін мәселелерін талқылады.  
Қоғамдық маңызы бар мәселені талқылауға облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы мен судьялар, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық прокуратура, ҰҚКД-і, экономикалық тергеулер қызметінің департаменті, полиция департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша ұлттық бюро, мемлекеттік кірістер департаменті, және басқа да мекемелерінің өкілдері қатысты.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Д.Әміров «дөңгелек үстелде» сөз сөйлеп, Қазақстан Тәуелсіздігінің 28-ші жылы ішінде құқық қорғау жәіне сот органдары мемлекеттік тілді тиісті деңгейде қолданбай келгенін айтып, мемлекеттік тілде қаралған қылмыстық істердің саны аздығын атап өтті. Д.Әміров, қоғамның және мемлекеттің барлық салаларында мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану маңыздылығын атап өтіп, құқық қорғау органдары және прокуратурамен қылмыстық қудалау және тергеу жүргізу сатыларынан бастап сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолданудың мәселесіне ерекше назар аударды.
Досжан Әміров соттармен істерді қарау барысында мемлекеттік тілді қолдану туралы заңнаманың бұзылуына жол берілген жағдайда құқық қорғау органдар өкілдерінің атына жекеше қаулылар шығару арқылы, тіпті тергеу әрекеттерін заңсыз деп, кері қайтаруға дейін шаралар қолданатындығы жөнінде түсіндірді. «Сот қылмыстық істер бойынша сотталушы мен жәбірленушінің сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тіл таңдау құқығының сақталуын, іс жүргізу тілінің дұрыс таңдалғанын талап ететін болады» - деді Д.Әміров. 
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» заңының 4-бабында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi екендігі көрсетілген. «Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдар мемлекеттік тілді дамытуға барлық жағдай жасауға міндетті» - деп, атап көрсетті облыстық соттың төрағасы.
«Сондай-ақ, ҚПК-нің 30-бабында «Қылмыстық сот ісін жүргізу тілі» қылмыстық істер бойынша сот өндірісі қазақ тілінде жүргізіледі деп бекітілген. Сол себепті қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізу кезінде бірінші орыс тілі емес мемлекеттік тіл қолданылуы керек, алайда бүгінгі таңда құқық қорғау органдарының қызметшілерімен мемлекеттік тілді білмеуіне байланысты орыс тіліне басымдық беріліп отыр. Ал, орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарылады.» - деді Д.Әміров.
«Дөңгелек үстел» барысында Ақмола облысы прокурорының орынбасары Владимир Малахов, облыстық сот төрағасымен атап өтілген ескертулерді назарға алынатынын айтып, алдағы уақытта тергеу органдары мен прокуратура азаматтардың тіл таңдау құқықығын сақтай отырып, істі мемлекеттік тілде жүргізу бойынша бақылауды күшейтуге, тіл жөніндегі заңнама нормаларының бұзылуын анықтау және жол бермеу мақсатында барлық шараларды қабылдауға сөз берді.


Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

Оставить комментарий

Убедитесь, что Вы ввели всю требуемую информацию, в поля, помеченные звёздочкой (*). HTML код не допустим.